Get Mystery Box with random crypto!

«Ақ жол» партиясы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамдық ке | АФМ Channel

«Ақ жол» партиясы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамдық кеңесімен күш біріктіреді

2021 жылдың 7 сәуірінде «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Сәлімбай Шунеевпен кездесті.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қоғамдық кеңесі мен саяси партияның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша өзара іс-қимылының перспективалары, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейту және сараптамалық қоғамдастықты тарту есебінен қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қоғам мен билік арасында диалог құру үшін бірлескен күш-жігерді үйлестіру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 1 сәуірде құрылды және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру әрі шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші, бақылау орган болып табылады.