Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алмат | АФМ Channel

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады.

4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.

Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жазаны қарастыратынын ескертеді.

@afm_rk
Facebook | Instagram | TikTok