Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау ті | АФМ Channel

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктерінің 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды.

Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы алатын бөгде мамандар тартылды. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген.

Сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

@afm_rk
Facebook | Instagram | TikTok