Get Mystery Box with random crypto!

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа со | АФМ Channel

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа сот үкімі шығарылып, бірін 1000 АЕК, екіншісін 200 АЕК айыппұлға тартты.

Екі ойын орны бойынша заңсыз бизнес ісі ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінде тергелді.

О.Цой заңсыз ойын мекемесін ашып, букмекерлік кеңсесінің атынан ғимарат жалға алған және 9 дербес компьютер алып интернет желісіне қосқан. Сараптама қорытындысына сай, желілік блоктарды пайдалану арқылы арнайы бағдарлама қолданып онлайн ойындар сайтына кірген.
Букмекерлік кеңсе орнын аша отырып, қызмет көрсететін персонал ретінде үш адамды осы заңсыз қызметке тартқан.

Екінші азамат Қ.Наурызбаев пәтер жалға алып, «электронды рулетка» ойын құрылғысын орнатқан. Екі кісіні кассир қызметіне, екі кісіні күзетші ретінде жұмысқа қабылдаған.

Сотталушыларға тағайындалған айыппұл сомасын төлеуге бір ай мерзім тағайындалды, жалтарған жағдайда айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.

@afm_rk
Facebook | Instagram | TikTok