Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА елордалық департаменті «Eden Life» қаржы пирамидасын құру | АФМ Channel

ҚМА елордалық департаменті «Eden Life» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.

Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді.

Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және «Youtube» хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

@afm_rk
Facebook | Instagram