Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін | АФМ Channel

ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты.

2022 ж. 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:
- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қ. мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.
Ал , Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.

Құрметті азаматтар! Егер сіз аталған тұлғарардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз.

@afm_rk
Facebook | Instagram