Get Mystery Box with random crypto!

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті | АФМ Channel

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді.

Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

Бүгінгі таңда Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар, аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.

Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған.

Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

@afm_rk
Facebook | Instagram