Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысының тұрғыны крупьенің қатысуымен заңсыз рулетка о | АФМ Channel

Алматы облысының тұрғыны крупьенің қатысуымен
заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз бірнеше ойын мекемелерінде "үстел-рулеткаларды" заңсыз орнату фактілерін анықтады.

Ойынға арналған залдары Алматы облысының аумағында орналасқан, тек ойын автоматтарының қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген.

Алайда, мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупьенің қатысуымен жұмыс істейтін "рулеткаларды" пайдаланған, бұл "Ойын бизнесі туралы" Заңын бұзу болып табылады, өйткені ойын үстелдеріне өкілдердің қатысуына тек казино үшін рұқсат етіледі.

Қазіргі таңда, аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

@afm_rk
Facebook | Instagram