Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті 'АӨК дамытудың 2017-20 | АФМ Channel

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мәселен, өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн.теңгеге өтінім берген.

Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді.

Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

@afm_rk
Facebook | Instagram