Get Mystery Box with random crypto!

Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынш | АФМ Channel

Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеуде.

Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

@afm_rk
Facebook | Instagram