Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғал | АФМ Channel

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғалармен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкерелеген.

Бірнеше кәсіпкерлік нысандарының, салықтан жалтару мақсатында, әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактураларының айналым сомасы 370 млн. теңгеге жеткен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн. теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті.

Сот үкімімен, серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

@afm_rk
Facebook | Instagram