Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел- | АФМ Channel

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды.

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

@afm_rk
Facebook | Instagram