Get Mystery Box with random crypto!

Жеке бухгалтер, аудит жүргізуге құқығы болмай, бұзушылықтарды | АФМ Channel

Жеке бухгалтер, аудит жүргізуге құқығы болмай, бұзушылықтарды жасырғаны үшін МКК қызметкерлерінен ақша талап етті.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бюджет ақшасын ұрлаумен байланысты қылмыстық іс бойынша жеке аудиторлық компанияны тартты. Аталған компания өз кезегінде аудитордың ассистенті ретінде кәсіби бухгалтерді жалдаған.

Тексеру барысында МКК-на қатысты қылмыстық іс аясында жалданған есепші мекеменің материалдық-жауапты тұлғаларын қорытынды жасап, оған анықталған бұзушылықтарды енгізуге не қоспауға құқылы екендігіне сендіре отырып, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен жалпы сомасы 3 млн 80 мың теңге ақша қаражатын алдау жолымен алды.

Шын мәнінде, ол мұндай өкілеттіктерге ие болмады, өйткені ол аудитор емес және бұл оның міндетіне кірмеді.

Есепші маман 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды. Іс сотқа берілді.

@afm_rk
Facebook | Instagram