Get Mystery Box with random crypto!

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті 'Қамқор' жеде | АФМ Channel

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті "Қамқор" жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмысын жалғастыратын болады.

@afm_rk
Facebook | Instagram