Get Mystery Box with random crypto!

Құдай бар ма? Бар деймін! Құдай – жалғыз Жар деймін. Құдай – н | Қазақ әдебиеті

Құдай бар ма?
Бар деймін!
Құдай – жалғыз Жар деймін.
Құдай – нұрлы иманың,
Қардай аппақ ар деймін.

Құдай шын ба?
Шын деймін!
Сенбегенге сын деймін.
Құдай деген бір Алла –
Ислам атты дін деймін.

Құдай хақ ба?
Хақ деймін!
Хақтағала тақ деймін.
Момындарға мүдделес,
Бағынғанға бақ деймін.

Құдай қанша?
Бір деймін!
Жарқыраған нұр деймін.
Құдіреті Құдайдың
Жүректегі жыр деймін.

Құдай хақ ба?
Хақ деймін!
Аққа Құдай жақ деймін.
Қараңғыда қаңғымай,
Хақ дініңді тап деймін.

// Серікбай Қосан - Құдай