Get Mystery Box with random crypto!

Он екінші жігіт Бір жігіт он екінші кербез сал-ды, Бойына адам | Қазақ әдебиеті

Он екінші жігіт
Бір жігіт он екінші кербез сал-ды,
Бойына адамдықты жиып алды.
Өзіне өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,
Семірген мәстек аттай майлы жалды,
Сіресіп сықырлаған тәкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халды.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,
Ойға алмай санамастан дүние-малды.

Он үшінші жігіт
Жігіттің тағы бірі түссін еске,
Семірген ол бір сабаз қара күшке.
Базары жігіттіктің ойында жоқ,
Ойланып білмек түгіл, кірмес түске.

// Ақан сері Қорамсаұлы - Айтамын заман дасқа біраз кеңес