Get Mystery Box with random crypto!

Атақты Жәбірейіл хадисін білетін шығарсыздар. Пайғамбарымызға | Абылай Кенжалы

Атақты Жәбірейіл хадисін білетін шығарсыздар. Пайғамбарымызға ‎ﷺ келіп: “Маған иман, ислам, ихсан” жайлы айтшы дейтін хадис.

Ғалымдарымыз осы хадистен көптеген даналықтар ала білген.

Соның бірі мұсылман үшін ең әуелі Алланы тану “ақида” ілімін үйрену маңызды. Бұл өз кезегінде иман.

Одан кейін фиқһ ілімін үйрену қажеттігі. (намаз, ораза, зекет, қажылық және т.б.) Бұл өз кезегінде ислам.

Одан кейін барып ихсан ілімі. Бұл ілімге – тақуалық, жүрек ілімдері және сопылық ілімдерін кіргізген. Әрі әлбетте бұл ілімге тереңдеу үшін алғашқы білімдерді терең білу ләзім.

Маған ең қызығы, қазір көптеген ағартушы ағалар, бастапқы екі ілімді аттап кетіп, қарапайым халыққа бірден үшінші ихсан ілімін терең үйреткісі келетіндігі.

#жалғасы_бар