Get Mystery Box with random crypto!

Зілзәлә - бұл Алланың адамзатқа жіберген ескертушісі. «Теңдес | «Жазарман»

Зілзәлә - бұл Алланың адамзатқа жіберген ескертушісі.

«Теңдессіз даму» деп жар салып жүрген адамзат әлсіз бір жаратылыс екенін, жаратқанның мейіріміне әр дайым мұқтаж екенін тағы бір сезінді.

"Басқарушысыз машиналар мен өзі ұшар самолёттар" аспан бұлтын сүйюге бір саты қалып тұрған зәулім ғимараттар деп жүргеніміз... Барлығы Алланың әмірі алдында бас иді...

Мұндай оқиғалар жайдан-жай, еш қандай хикметсіз және мағынасыз "Просто так" болуы мүмкін емес. Бұларды Ирада еткен зат, хикметті болып, оның істері даналықпен реттеледі.

Мен байқаған хикметтердің бірі адамзатты ескерту, жаратқан бар екенін ескерту деп білемін...

Қиямет күні залымдар Алладан жаһаннам отынан шығаруын сұрап жалбарынған да, ол Алла оларға былай дейді: "Үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді." Фатыр, 37.

Осы аятта айтылған ескертуші сөзі тым көп мағынаны беруі мүмкін. Яғни, пайғамбарлар, илаһи кітаптар, "Ескертуші" мағынасына ие болған кез-келген нәрсені ықтимал етуге болады.

Сондықтан, Алланың адамзат үстіне жіберген табиғи апаттарда да дәл осы сипат бар. Одан адам баласы Алланың, ақырет күнінің барлығын дайым есте сақтауы, өзінің амалдарына назар аударып, хайырлысын көбейтуі һәм жаман амалдарын тәрк етуі керек...

Бауырларымыз үшін дұғада болайық...