2021-02-12 09:52:08
Балалар суицидіне кім кінәлі?
Фильмге қазақша субтитрлер қосып қойдық.
Жақында “Тіл кеспек жоқ” және “За нами уже выехали” арнасының Қазақстандағы суицид мәселесіне арналған фильмінің бірінші бөлімі шықты. Әсем Жәпішева мен Дмитрий Дубовицкий бұл бөлімде балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп екенін анықтауға тырысады.
Қазақстан ерлер суициді бойынша төртінші, әйелдер суициді бойынша жиырма сегізінші орында. Бұған дейін балалардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша алғашқы үштікке кірген. Алайда 2019 жылы бұл тізімнен алшақтап, “бар-жоғы” 12-орынға жайғасты.
Бұл тақырып көбі үшін “жағымсыз, қызықсыз” болса да, әрқайсымыз үшін маңызды.
Ата-ананың баласын түсінбеуі, бала өзін «жат» сезінуі, дұрыс бағдар беретін маманның болмауы, мектеп психологтарының жайы және өзге де маңызды проблемаларды көре аласыз.
Балалардың өз-өзіне қол жұмсауына кім кінәлі? Мемлекет пе әлде ата-ана ма? Мемлекет кінәлі болса, неге ешкім ешнәрсе істемейді? Ата-ана болса, олар неден қателесті? Қайтпек керек? Неге еліміздегі жасөспірімдер мұны тығырықтан шығудың жалғыз жолы көреді? Фильмде осы сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
8.8K views06:52