2020-08-04 22:58:59
Философиялық ойлар. Бәлкім ойлануға уақыт жеткілікті болған шығар. Алыстасаң жақындап, жақындасаң алыстайтын сағым бақыттың соңынан қуған талай жанның бірі мен. Балалықтың базарлы күндерімен қоштасқалы, "өмірдің мәні не?" "не үшін, кім үшін өмір сүремін" деген сұраққа жауап таппай, жан-жағыма бағып келем. Әлем қалай жаратылды деп қызығатын кезден өттім. Аз ба, көппе ғұмырында адамға бір нәрсе жетпестей сезіледі.Соның өзі Бақыт, қанағат, тоқтам екенін ұқтым.
Ендігі сәтте адамды зерттеп жүрмін. Жұдырықтай жүрегіне тұтас ғаламды сыйдыртқан жандар бар екен, құрметім ерекше. Тарлығы тіпті, жүрегіне жан жолатпайтындар бар. Қай сөзіне сенеріңді, қай мінезіне көнеріңді ұқпайтын жандар шетінен жолығуда. Не де болса олардың сыртынан тек "рахмет" айтуды үйреніп келем. Біреуіне сабақ үшін, біреуіне көмек үшін. Өзіме не тілемесем, өзгеге соны тілемеймін.
Өмірден кішкене ұққаным–барыңды беру, өзіңді арнау. "самовыражение". Міне біз не үшін өмір сүреміз. Әр адам адамзатқа, оның дамуына үлес қосса, тұтастық осында, бақыт бірлікте.
Біреудің әңгімесінде менде жаман кейіпкермін. Менің де әлсіз тұсым бар, сәтсіздігім жетеді. Сіздің де! Бірақ ол шынайы болуыма кедергі болмаса деймін. Сізбен қарым-қатынас орнатуға тырысқаным, жақсы дүние жинауға тырысқаным. Ал теріс айналсам–тұлғалық дамуыма теріс әсер еткеніңіз. Басты мақсат–даму, мүмкіндіктерді пайдалану. Адамның адамға жақсылықтан артық берер кереметі жоқ. Демек, менде жақсы болуға тырысып жүрмін.
https://t.me/withayazhan
283 viewsAyazhan _qb, edited 19:58