Get Mystery Box with random crypto!

TESTCENTERKZ

Telegram арнасының логотипі uto92 — TESTCENTERKZ
Арна мекенжайы: @uto92
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 77.71K
Арнадан сипаттама

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-05-17 13:50:54
Құрметті талапкерлер!

ҰБТ-ға МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ екенін тағы бір еске салайық.
Яғни, тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. БІРАҚ ЭТИКАҒА САЙ, ҰҚЫПТЫ КИІНІП КЕЛУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ.

Сондай-ақ, өздеріңізбен бірге су және шоколад алып келе аласыздар.



Уважаемые абитуриенты!

Хотим еще раз напомнить, что на ЕНТ не обязательно приходить в ШКОЛЬНОЙ ФОРМЕ.
То есть, в тестировании можно участвовать в свободной форме. ГЛАВНОЕ, ЧТОБЫ ОДЕЖДА СООТВЕТСТВОВАЛА ЭТИКЕ И БЫЛА ОПРЯТНОЙ.

Также напоминаем, что вы можете принести с собой бутылку воды и шоколад.
13.1K views10:50
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 14:03:07
ҰБТ-ға қатысу үшін қандай құжат керек?

16 жасқа толған талапкерлер
тек жеке куәлік (немесе паспорт) арқылы тестілеуге кіргізіледі.
жеке куәліктің электронды нұсқасын EGOV, KASPI.KZ және HALYK қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

16 жасқа толмаған талапкерлер
туу туралы куәлік,
көлемі 3х4 түрлі түсті фотосы бар мектептен анықтама ұсыну қажет.

МАҢЫЗДЫ: Талапкер өзімен бірге қалам алып келеді, ал жұмыс үшін парақтар тестілеу орнында беріледі.



Какой документ нужно принести с собой на ЕНТ?

Абитуриенты, которым исполнилось 16 лет
приносят лишь удостоверение личности (или паспорт).
удостоверение личности можно показать в электронном формате в приложениях EGOV, KASPI.KZ и HALYK.

Абитуриенты, которым не исполнилось 16 лет
свидетельство о рождении,
справка со школы с цветной фотографией размером 3х4.

Важно: Ручку абитуриент приносит с собой, а черновики выдаются на месте тестирования.
16.5K views11:03
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 12:36:30
ЕДИНОЕ НАЦИОНАЛЬНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ НАЧАЛОСЬ В КАЗАХСТАНЕ

Сегодня в Казахстане началось проведение основного ЕНТ, за исключением, выпускников регионов, пострадавших от паводков (Акмолинская, Актюбинская, Атырауская, Западно-Казахстанская, Костанайская, Северо-Казахстанская области). В этих регионах регистрацию на участие в ЕНТ продлили до 20 мая, а сами тесты пройдут с 25 мая по 12 июля.

В первый день начала основного ЕНТ министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек посетил пункт проведения ЕНТ в городе Астана. Министр проинспектировал процесс запуска абитуриентов в аудитории, поинтересовался настроением абитуриентов и пожелал им успешной сдачи экзаменов.

«Все абитуриенты имеют возможность сдать основное ЕНТ дважды и участвовать в конкурсе грантов с лучшим результатом. Абитуриенты имеют шанс набрать до 140 баллов на тестировании, включающем в себя 120 вопросов. Мы со своей стороны приложили все усилия, чтобы дети чувствовали себя комфортно во время тестирования», - отметил Саясат Нурбек.
14.2K views09:36
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 12:36:24
ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанда негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу басталды. Ал су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) түлектеріне ҰБТ-ға тіркеу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды, тестілеу 25 мамырдан 12 шілдеге аралығында өтеді.

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы ҰБТ өткізу пунктіне барды. Министр талапкерлерді аудиторияға кіргізу процесін тексеріп, талапкерлердің көңіл-күйін сұрап және оларға емтиханды сәтті тапсыруларынатіліек білдірді.

«Тестілеуде барлық талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Жалпы саны 120 сұрақты құрайтын тестілеуде жоғары 140 ұпайды алу мүмкіндігі барша талапкердің еншісінде болмақ. Біз өз тарапымыздан талапкерлеріміздің тестілеу кезінде жайлы сезіну үшін бар жағадайды жасаймыз», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Толығырақ: facebook.com
13.3K views09:36
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 09:32:47 «Негізгі ҰБТ-2024»

Спикер:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов.

«Основное ЕНТ-2024»

 Спикеры:
Директор Национального центра тестирования МНВО РК Болатбек Абдрасилов.

Ссылка на трансляцию:

https://www.youtube.com/live/iS3fqEU9av4?si=A4KtC2LgcS8MADgu
16.9K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 09:32:24 Құрметті мектеп бітіруші жас достар, талапкерлер!

Осы күндері Сіздер үшін аса жауапты әрі маңызды белестер легі бастау алғандығы белгілі. Болашақ мамандықтарыңызға жолдама беретін жоғары оқу орнына түсудің алғашқы баспалдақтарына аяқ бастыңыздар. Бүгін елімізде сол сынақ – негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуінің алғашқы күні.

«Талпынғанның тоқпағы тасқа шеге қағады», - деген талапкердің талпыныс екпіні ҰБТ-ға есе жібермесіне зор сенім білдіріп, бүгін Астана қаласындағы бір топ сынақтан өтушілерге сәттілік тілеп қайттым. Кәдуілгі жас буынның біліммен қаруланған болмыстарын, жанарларындағы жалынды, көңілдерінде қылаң беріп тұрған аздаған абыржуды бақылап, бірге толқығандай болдым.

16 мамырда басталған бұл тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Дегенмен, төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты 6-20 мамыр аралығында ұзартылды және ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтетіндігін естеріңізге сала кетейін.

Биыл ҰБТ-ны 180 мыңнан астам түлек тапсыруды жоспарлауда. Тестілеуде талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Жалпы саны 120 сұрақты құрайтын тестілеуде жоғары 140 ұпайды алу мүмкіндігі барша талапкердің еншісінде болмақ.

Аса мұқият назар аударыңыздар, тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сондықтан, тайм-менеджментті ұтымды қолдануға кеңес беремін.

Бұған дейін Сіздер негізгі ҰБТ-ға дайындықты пысықтау мақсатында әр пән бойынша енгізілген жеке тақырыптық талдаулармен, іске қосылған онлайн байқау сынақтарымен, білім беру орталықтарының ұйымдастырған тегін онлайн сабақтарын қолдану мүмкіндігін иелендіңіздер. Енді міне, күні кеше жарияланған 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын иеленуге бәсекеге қабілеттілікті көрсететін сәт туды.

Қосымша ақпарат үшін шекті балл жөнінде айта кетейін: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл (ұлттық жоо үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Жоғарыда айтқанымдай, Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінді. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

Ағымдағы аптада еліміздің батыс өңірінде талапкерлер үшін ең ауқымды көрме өткендігіне куәсіздер. Ол үшін Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жол карталарын бекіттік.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

2024-2025 оқу жылына аталмыш облыс талапкерлері үшін 3 200 грант бөлінді. Негізгі жаңашыл басымдықтары педагогикалық, өнер және гуманитарлық, IT, әлеуметтік, экономикалық, құқық, инженерлік сынды дайындық бағыттарының тізбесі кеңейтілді, сонымен қатар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша колледж түлектеріне гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 40-тан астам жетекші жоғары оқу орындарында білім ала алады.

Жалпы, біз балаларымыздың ҰБТ-ны ыңғайлы және стрессіз тапсыруына, тестілеуде өз білімдерін көрсетуі және мемлекеттік білім грантын алу мүмкіндігін иеленуі үшін бәрін жасадық деп айтқым келеді.

Құрметті талапкер!
Сіздерден ата – ана, мектеп, ел болып үлкен үміт күтеміз! Сынақтан сүрінбей өтіп, әлемдік көкжиекте бәсекеге қабілетті тұлға болуға ұмтылғайсыздар!
14.8K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2024-05-16 09:32:18
14.0K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 13:18:12 ОПУБЛИКОВАН СПИСОК ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

Сегодня был опубликован список образовательных грантов на 2024-2025 учебный год по всем уровням высшего образования. В этом году было выделено 112 тысяч грантов для обучения в вузах.

Наибольшее количество грантов получили группы образовательных программ «Инженерные, обрабатывающие, строительные отрасли», их количество составляет 19 344 грантов. Далее «Педагогические науки» – 13 735 грантов, «Информационно-коммуникационные технологии» – 10 903 гранта, «Естественные науки, математика и статистика» – 8 288 грантов.

В этом году впервые введены дифференцированные гранты с частичной оплатой за обучение. По 150 дифференцированных грантов выделены по ГОП «Педагогические науки» и «Социальные науки, журналистика и информация».

Также, для поступающих по программе «Серпін» выделено 3 903 гранта. Стоит отметить, что проект «Серпін» можно получить образование по 4 направлениям подготовки: педагогические науки, инженерно-технические, информационные технологии, сельское хозяйство. В программе участвует сельская молодежь из южных регионов страны. Ранее срок отработки гранта был сокращен с 3 до 2 лет, а место отработки расширено до 11 регионов.

В списке грантов есть и 5 000 целевых образовательных грантов для обучения в ведущих вузах молодежи из густонаселенных, вновь образованных и западных регионов, в том числе для абитуриентов Атырауской и Мангистауской области.

Всего, для поступления в бакалавриат в 2024-2025 учебном году выделено около 79 тысяч грантов.

Для поступления в магистратуру выделено около 13 тысяч грантов, для поступления в докторантуру – более 1 900.

Полный список распределения образовательных грантов на 2024-2025 учебный год размещен на сайте Национального центра тестирования МНВО РК по следующим ссылкам:

Бакалавриат https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6920
Магистратура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6921
Докторантура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6922
18.5K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 13:18:09
15.6K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 13:18:04 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:

Баклавриат https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6923
Магистратура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6924
Докторантура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6925
15.9K views10:18
Ашу / Түсініктеме