Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ 2024 | СЛИВЕТЕР | QUIZIZZ | УНИВЕРЫ | ВИТОРИНА | UbtSmart

Telegram арнасының логотипі ubtsmart — ҰБТ 2024 | СЛИВЕТЕР | QUIZIZZ | УНИВЕРЫ | ВИТОРИНА | UbtSmart Ұ
Telegram арнасының логотипі ubtsmart — ҰБТ 2024 | СЛИВЕТЕР | QUIZIZZ | УНИВЕРЫ | ВИТОРИНА | UbtSmart
Арна мекенжайы: @ubtsmart
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.34K
Арнадан сипаттама

САҒАН ҰБТДА КЕРЕК КАНАЛДАР👇🏻
Ықтималдық жоқары тегін Quizizz
@UbtQuizizz
Наурыз ҰБТ сливтер
@nauryzslivUbtSmart
ҰБТҒА тегін дайындық канал
@UbtSmart
Телграм каналдарға реклама жасамаймыз❗
Реклама бойынша 24/7 @UbtAdmin

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-05-06 09:41:21 ҰБТға тіркелгендер барма?
9.3K views06:41
Ашу / Түсініктеме
2024-04-15 14:21:33 Кенесары Қасымұлы жайлы сен білу керек мәліметтер

1. Кенесары Қасымұлы дүниеге келген жыл:1802 жыл.
2. Кенесары Қасымұлының шығу тегі: Қасым сұлтанның ұлы, Абылай ханның немересі. «Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi», – деп жазды ХIХ ғасырдың орта кезiндегi орыс зерттеушiлерiнiң бiрi: Л. Мейер
3. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің мақсаты: Патша үкiметi тартып алған қонысын қайтарып алу, округтердi тарату, алым-салықтарды жою
4. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің қозғаушы күші:Қарапайым халық, старшындар мен би, батырлар, сұлтандар.
5. Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан ұлттар:Қазақтар, орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрiкмен, поляктар т.б.
6. Ұлты орыс, көтеріліске қатысқан Наурызбай сұлтанның атқосшысы:Николай Губин.
7. Татар ұлтынан шыққан әскери кеңестiң мүшесi болған:Әлiм Ягудин.
8. Өзбек ұлтынан шыққан көтеріліс барысында дипломатиялық қызмет атқарған:Сейдаққожа Оспанов.
9. 1837 жылдың аяқ кезiнде Кенесары Петропавлдан Ташкентке бет алған отрядты тас-талқан етiп жеңiп шықты:Хорунжий Рытовтың отрядын
10. 1837 жылы Кенесары Батыс Сiбiр генерал-губернаторына арнайы хат жолдады. Кенесары Батыс Сібір генерал-губернаторынан талап етті:Ақтау бекiнiсi мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды, қазақ жерiнiң тұтастығын қалпына келтiрудi
11. Кенесары алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберген бекініс:Ақмола бекінісі.
12. Ақмола бекінісін қорғағандар:Сұлтан Қ. Құдаймендiұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд.
13. Кенесарының Ақмола бекінісіне шабуылы басталған уақыт:1838 жылдың 7 тамызында таң ата.
14. Ақмола бекінісі баса көктеп кіріп шабуыл жасады:Басықара батыр мен Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары.
15. Ақмола бекінісін жаулап алуда қаза тапты:Басықара батыр мен 255 жауынгер
16. Үш жүздiң өкiлдерi бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды:1841 жылы.
17. Мал өсiрушiлер төлеген салық:Зекет.
18. Егiншiлер төлейтін салық:Ұшыр.
19. Баж салығынан түсетін пайдаға байланысты Кенесары тыйым салды: Керуендерге шабуыл жасауға
20. Кенесарының тұрақты әскерінің саны жетті:20 мың
21. Кенесары ханның басына тағайындалған сыйақы:3 мың сом
22. Көтерілісшілерге қарсы жіберілді: Старшина Лебедев басқарған жазалаушы отряд.
23. Көтерілісшілерге қарсы А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы бастаған екiншiәскер жабдықталды:1843 жылы
24. Кенесары хан А. Жантөрин сұлтанның әскерiне күйрете соққы бердi:1844 жылыТобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында
25. Кенесарының негiзгiәскери күштерi 1844 жылдың тамызында шабуыл жасады:Екатерина станицасына
26. Кенесары көтерiлiс орталығын ауыстыруға мәжбүр болды:Сарыарқадан Жетiсу жерiне қарай.
27. Көтеріліске қолдау көрсеткен ұлы жүздің батырлары:Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек
28. Көтерілісшілер жақындай түсті:Қырғыз жеріне.
29. Бұл кезде қырғыздар бағынды:Қоқан хандығына.
30. Кенесары хан талап етті:Солтүстiк қырғыз руларын билеушiманаптардың өзiне бағынуын.
31. Қырғыздарды қолдап, Кенесарыға қарсы айдап салды:Омбыдан жіберілген Вишневский
32. Кенесары он мыңдай қолмен Қырғызстанның жерiне басып кiрдi:1847 жылы сәуiрде.
33. Кенесары мен қырғыздар арасында шайқас өтті:Ыстықкөл мен Шу өзенiнiң жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында.
34. Кенесарының жағдайын қиындатты:Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биiСыпатай жасақтарының кенеттен шегiнiп кетуi.
35. Қырғыздар қолынан қаза тапты:Кенесары мен оның iнiсiНаурызбай Қасымұлы
36. Кенесары ханның ерлігін жырлағаны:Ақын Нысанбай Жаманқұлұлы. Ақын Нысанбай Жаманқұлұлының Кенесары туралы дастаны: «Кенесары–Наурызбай»
37. Кенесарының ісін жалғастырған ұлы:Сыздық сұлтан.
38. Кенесары көтерілісінің жеңілуі патша үкіметіне жол ашты:Қырғыз жерлерiн, Жетiсу аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алуына
39. Ресейлiк ғалымдар Кенесарыны атады:«Бүлiкшiл сұлтан», «Қырғыз (қазақ. – авт.) даласының Митридаты (антикалық дәуірдегі патша)»

УНИВЕРЛЕР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТТАР
12.6K views11:21
Ашу / Түсініктеме
2024-04-03 18:31:01 Грант конкурсы кезінде 4 таңдауды қайда, қалай жасайды

Ол 4 таңдауды қайда жасайды? Қалай жасайды? Бүгінгі постта толық түсіндіріп көрейік

Грант конкурсында құжаттар тапсырудың(4 таңдауды жасаудың) 3 жолы бар

Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Яғни, саған жақын жердегі КЕЗ КЕЛГЕН университеттің қабылдау комиссиясына барып тапсыруға болады. Бұл кезде 4 таңдаудың біреуіне сол университетті таңдау міндетті емес.

Мысалы, Айжан Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барып, мынадай өтініш тапсырады:

1. “Математика мұғалімдерін даярлау” - ЕНУ
2. “Физика мұғалімдерін даярлау” - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
3. “Математика және статистика” - СДУ
4. “Электр техникасы және энергетика” - Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті.

Көріп тұрғаныңдай, бұл өтініштің ішінде Қ.А. Ясауи университеті жоқ.

Онлайн. Шалғай аймақта тұратын талапкерлер үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге видео байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды.

Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.

Грант конкурсы қай уақытта болады?

Грант конкурсы негізгі ҰБТ біткеннен кейін болады. Алдыңғы жылы негізгі ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен болатын. Ал грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өткізілді. Грант иегерлерінің тізімі 5 тамызда жарияланды.

Биыл да талапкерлер ҰБТ-ның екі сертификатының өзі қалаған біреуін конкурсқа ұсына алады. Мысалы Айжан бірінші ұбтда 97 балл, екінші ұбтда 118 балл жинаса, грант конкурсына екінші сертификатын тапсырады. Себебі, ондағы балы көбірек.

Бәрі түсінікті ме? Сұрағың болса төменге жаз
12.6K views15:31
Ашу / Түсініктеме
2024-03-29 00:57:39 ТОП САҒАН ҰБТДА КЕРЕК БОЛАТЫН КАНАЛДАР
12.6K views21:57
Ашу / Түсініктеме
2024-03-29 00:55:56 Мамандықтарға неше грант бөлінгенін осы жерден қарай аласыздар
12.6K views21:55
Ашу / Түсініктеме
2024-03-12 04:43:45 Грант ҰБТ-сына 65 күн қалды.
Қайырлы таң досым

Жай ғана оны үздіксіз жаса
Шабыт өзі-ақ келеді.
16.2K views01:43
Ашу / Түсініктеме
2024-03-11 20:20:10
Жақын арада осы сливтер Quizizz тегін салатын боламыз
20.9K views17:20
Ашу / Түсініктеме
2024-03-11 05:42:51 Қайырлы таң

Рамазанның алғашқы күні құтты да берекелі болсын
Ниеттерің мен ұстаған оразаларың қабыл болсын
15.7K views02:42
Ашу / Түсініктеме
2024-03-07 22:10:46 Құрметті Арулар, сендерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңдер! Ата-аналарыңның үмітін ақтап армандарыңдағы универге грантқа түсіңдер!
18.3K views19:10
Ашу / Түсініктеме
2024-03-04 06:36:23 Наурызда келу ықтималдылығы бар сливтер. Сұрақ жауап 400+-
12.6K viewsedited  03:36
Ашу / Түсініктеме