2021-07-04 07:13:44
Болашақ мұғалімдер мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне...
2019 жылдан бастап «6В01 -Педагогикалық ғылымдар» және «6В10 - Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру бағдарламаларын таңдағандар үшін арнайы емтихан (педагогикалық жағдаяттар/психометриялық тестілеу) тапсыру міндетті.
Биылғы талапкерлер үшін 20 маусым - 20 тамыз (әр университетте әртүрлі болуы мүмкін) аралығында өткізіледі.
Арнайы емтиханда ұпай берілмейді, тек《өтті/өтпеді》деген анықтама беріледі.
Сұрақтар өте жеңіл, жағдаяттық тапсырмалар беріледі. Өтпей қалған жағдайда (негізінде өтпей қалу мүмкін емес ) 130 балл алсаңыз да, грант конкурсына қатыса алмайсыз.
Тапсыру міндетті
Бір талапкер бір рет қана тапсыра алады.
Келесі мамандықтардың бірін таңдап отырсаңыз, уақытында тапсырып үлгеріңіз.
Педагогика бағыты бойынша:
В001 - Педагогика және психология;
В002 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
В003 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
В004 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін д-у
(Толық тізім карусельде)
Медицина бойынша:
В084 - Мейірбике ісі;
В085 - Фармация;
В086 - Жалпы медицина;
В087 - Стоматология;
В088 - Педиатрия;
В089 - Қоғамдық денсаулық сақтау;
В090 - Әлеуметтік жұмыс.
Егер конкурста мұғалімдіктi де, медицинаны да таңдайтын болсаңыз, екеуін де тапсыру қажет.
Арнайы емтиханды кез келген университеттің сайтына кіріп ОНЛАЙН тапсырады. Қажетті құжаттар тізімі де сайттарда толық жазылған. Негізінен, ҰБТ сертификаты, ТЖК, ЖСН сияқты мәліметтер. Сол үшін екі ҰБТ-ны да тапсырып болған соң ғана, тапсырған дұрыс.
Бір анықтама барлық университетке жарамды
P.S. Құжат тапсыру жақындап қалғандықтан, барлық жаңалықтардан хабардар болып, құжаттарды дайындауда, конкурс жазуда мұқият болу керек. Болмашы қателіктер грант конкурсында кері әсерін тигізуі мүмкін.
22 viewsAisulu Bauyrzhanova, 04:13