Get Mystery Box with random crypto!

Алдында бір мем көргем. Бассейннің ішінде, судың астында бір | Тимурдан Инфо | it&tech

Алдында бір мем көргем.

Бассейннің ішінде, судың астында бір жігіт киімшең ноутбукпен отыр.

“Не істеп отыр?” деген сұраққа “Көз жасын көрсетпеу үшін отырған Java Developer” деп жазып қойыпты.

Жалпы, быраграмистер неліктен холивар жасағыш? Әркім өзі үйренген, жобасын жасап шыға алатын тілін қолдана бермей ме? Мінсіз бағдарламалау тілі Жұмақта болмаса, ар жағында адам жасаған тілдің, оның үстіне белгілі бір технология негізінде, арнайы жоба үшін жасалған тіл болса, ол қалай бәрінің көңілінен шығатын, барлығын жасай алатын тіл боп шығады? Ұқпай қойдым осы шайқасты;))

Байқасам, тілге қатысты керіс соңғы 10 шақты жылда, быраграмистер еркелей бастағанда шыққан сияқты. Әйтпесе, 2000 жылдары холивар болмайтын сияқты ед. Әркім өз білгенімен, тіпті Паскальмен де ұра беретін. Жұрт сол Паскальда жасалған программаны да қолданып отыра беретін “Вижуал Бейсикте немесе Дельфиде жазылмаған соң, мынау қажет емес” демейтін;))