Get Mystery Box with random crypto!

Жасанды интеллект! Технологияның дамыған заманы. Жасанды инт | Тимурдан Инфо | it&tech

Жасанды интеллект!

Технологияның дамыған заманы.

Жасанды интеллект қазірдің өзінде Google Translate, Яндекс Переводчик арқылы біраз аудармашының нанын тартып алды. Одан басқа да осы күні сіздер біліп-білмейтін қанша сфераны жасанды интеллект жаулап жатыр.

Мысалы, өткенде инстаграмдағы оқырмандарыма копирайтер мен маркетинг блогерлер үшін қазақша мәтін жазып беретін жасанды интеллект көрсеттім.

Ал мына эпизодтағы қыз бен жігіттің қазақша дыбысын жасанды интеллект арқылы жасадым.

Ол үшін TTS яғни text to speech - мәтінді сөзге айналдыру технологиясын қолдандым.

Бұл не деген сөз?

Бұл - анау-мынау шағын аудармаларды Google Translate арқылы аударып ала беретініміз сияқты, аз-маз осындай жұмыстарды кәсіби дубляж мамандарына, дикторларға тәуелді болмай-ақ, өзіміз синтезделген дауыс қолдана беретінімізді көрсетеді.

Ал уақыт өте, жасанды иниеллект арқылы әр алуан адамның тембрі, даусы, жылдамдығы пайда болғанда, дикторлар мен дауыс мамандарының жұмыс табуы қиындай түсуі мүмкін.

@timurdaninfo