Get Mystery Box with random crypto!

Бостон. Бұлар алдапты бізді. Бостон деп жүргендері Бостон ем | Тимурдан Инфо | it&tech

Бостон.

Бұлар алдапты бізді. Бостон деп жүргендері Бостон емес боп шықты;)

Бруклайн, Олстын деген сияқты бірнеше “Қаскелеңдерден” тұратын қалалар жиынтығы екен ғой.

Өздеріңіз білесіздер, АҚШ зәулім үйлерді ұнатпайды. 2 қабатты үйлерді мекен етеді. Сондықтан, қаласы болсын, даласы болсын, елді-мекендері далиып жатады.

Массачусетс штатының Бостон қаласы деген шағын ғана орталық. Бостон Университеті сол жерде орналасқан. Ал Чарльз деп аталатын Есілдің сол жағалауында Кэмбридж деген қала бар. (Оны да Бостон деп айта береді жалпы). Сол Кэмбриджде Харвард, МІТ деген сияқты атақты университеттер бар.

Әңгіме қала дегеннен шығып тұр ғой. “Білдей университет қой, мектебі нес?” деп жүріп, оның бізше факультет екенін ұққандай, бұлардың Байқоңыр, Сарыарқа, Есіл аудандары сол бір-бір қала. Өзінің инфрақұрылым, әкім-мэр, полицайымен. Тіпті, университеттің өзінің де полицейі бар.

Кеше кітапханасын, асханасын, жалпы Бостон Университетінің кампусын көріп қайттым. Тұтас бір көшені ғимараттарымен қосып сатып алған ба, сондай. Офистерді жалға береді, біз сияқты батырақтарды жылына үш мезгіл (фол, сприң, саммер) оқытады, ендаумент деген қорлары арқылы бай түлектері ақша аударады, сөйтіп күн көреді, обшым…