Get Mystery Box with random crypto!

Бұл да өмірімнің тамаша бір бөлшегі! Оқуға кетуіме байланысты | Тимурдан Инфо | it&tech

Бұл да өмірімнің тамаша бір бөлшегі!

Оқуға кетуіме байланысты, BTS Education компаниясынан шыққанымды ресми түрде мәлімдеймін.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының Интернет бөлімінің басшысы боп жүріп Диджитал департамент құрған соң, еліміздегі ең жарқын проектердің бірі Astana It Universityдің ашылуына азғана уақыт ат салыстым да Sayasat Nurbekтің шақыруымен BTS Digital компаниясының білім бөліміне жұмысқа орналастым.

Құр идея күйінде бастау алған, ал қазірде нарықта өз орны бар EduNavigator атты кәсіби бағдар және мамандық таңдау платформасын Gizat Makhanov екеуміз жүріп жасап шықтық.

Осылайша, өмірімде Product Management, MVP, Startup, гипотеза деген сөздердің кітаби күйінде емес, өмірдегі тәжірибе күйінде шегеленген сәтін бастан кешірдім. Бір сөзбен айтсам, оп-оңай ештеңе жоқ ;))

Сондықтан, барша әріптестеріме, әсіресе, әрдайым өзінің жанашырлығын, азаматтық қолдауын білдірген Саясат Нұрбек мырзаға шексіз ризашылығымды білдіремін!

Әлі де талай белестерді бірге бағындырамыз деген ойдамын!