Get Mystery Box with random crypto!

Әдейі түсінбей тұратын (ба?), бейбіт өмірімізге ұрғаны бар мы | SULTANKYZY

Әдейі түсінбей тұратын (ба?), бейбіт өмірімізге ұрғаны бар мына баланы ақтап, қорғай бастаған достарыма (?) (белгілі блогер, журналист т.с.т) айтқым келеді.
Бәрін іштей жақсы, өте жақсы түсініп тұрсыңдар, үйдегі әке-шешең әділін айтуда, жарың болған соң әйелің саған (мүмкін амалсыз) жақтасуда. Енді қайтсін ол бейбақ, оның подружкалары да өте современныйлар ғой. “Да ну, из мухи слона делают, вырвали из контекста” деп күшеніп отырған шығар. Жарылып кетпесін байқасыншы
Мейлі, ақшаға анаңнің тілін саттың, тапқаныға балаңа тәтті, әйеліңе көйлек әпердің. Бүгін, ал ертең ше?
Ұмытпашы сенің де дәуренің зу етіп өтеді де кетеді, ал анау данудың баласы кейін сенің балаңа мәдениетсіз дегені үшін кешірім сұратады, жылатады, жанына тиер сөздер айтады, жүрегіне салмақ салады деп ойламайсың ба? Қорықпайсың ба?

Құдай бетін әрмен қылсын, сондай жағдай болса, сол кезде бүгін алған ақшаңның киесі ұрғанын түсінер ме екенсің