Get Mystery Box with random crypto!

Мухоряповтың темасына қатысты бір нәрсені нақты айта аламын: ш | SULTANKYZY

Мухоряповтың темасына қатысты бір нәрсені нақты айта аламын: шулаймыз да, қоямыз. Ол солай айтатын кезде соның салдарын, рискін ойлады ма? Меніңше, ойлады. Ешқандай риск жоқ екенін білген соң, солай айтады. Бизнесмен - қалтасымен ойлайтын адам, бірінші кезекте. Қоғам шулап қоя салатынын, табысына ешқандай әсері болмайтынын білген кезде одан да зорын айтады. Қоғам шулап қоя салмай, бизнесіне, өнімдеріне толық бойкот жариялап, ол ай соңында табысым неге азайып кеткен дегенде, осындай сөздерінің кесірінен екенін түсінсе, келесі жолы тілінен тартып ала алмайсың ондайды. Құрсын, кезінде талай адам Сулпакқа да, басқасына да бойкотшылаған. Бәрібір содан барып сатып алып жүрді. Сөзбен, постпен, айқаймен ұрғанның құны көк тиын. Қалтасынан ұрмай, осы айтқаны айтқан. Нәтиже тек солай болады. Басқа жолын көріп тұрғам жоқ. Имхо
(с) Ғалымжан Оразымбет

Келісесіз бе?