Get Mystery Box with random crypto!

Біраз адам соңғы болып жатқан оқиғаларға қатысты неге үндемейс | SULTANKYZY

Біраз адам соңғы болып жатқан оқиғаларға қатысты неге үндемейсіз депті. Біреуге жол сілтеп, зерттелмеген ақпарат беріп, ушықтырудан аулақпын. Оның үстіне, менің саясат не халықаралық қатынастар жағынан кәсіби маман емес екенімді ескеру керек.

Дегенмен, шақырылмаған қонақ келді екен деп пайда тапқыштардың өз ішімізді “табалағаны”, біраз #квартиранттарды үйсіз қалдырғаны конечно ашуға тиді.

P.S. Жалдамалы пәтерге кірер алдын келісімшартты пысықтап алсақ, олар мүмкін мұндай әрекетке бара алмас па еді, а?!

Сенесіз бе, мен де қазір әріптестес қыздарыма пәтер іздеп жүрмін, түрлі жағдайлар бастан өтуде. Олар бір реттеліп алған соң, асықпай айтып берем.

Өз халқымыз баспанаға зар болып жүргенде “жолы болғыштардың” бұл тірлігі нағыз пасықтық дер едім. Іштен шыққан жау - сырттан келген талай зұлымдықтан да жаман. Оған дәлел - қаңтар оқиғасы.

“Кіргізбе, келмесін!” - деп те шорт кесе алмаймыз, заң оған қайшы.

Онда біздің қолымыздан не келеді дерсіз?!
“Құтсыз қонақ келсе, қораға қасқыр шабады”, - дейді. Сол қасқырды шаптырмас үшін құндылықтарымызды қорғап, тілімізді тілімдемей, өз құқығыңызды біле жүріңіз, қорғай біліңіз.