Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін таңертең жұмыстармен қалаға шыққам. Елорданы білесіздер | SULTANKYZY

Бүгін таңертең жұмыстармен қалаға шыққам. Елорданы білесіздер ғой, тамыздың келгенін елден ерте сезіп, жаңбырын да, суығын да аямайды.

Көлікке отырғаным сол еді, салқын жел жиылған шашымды шашыратып жіберді. Таныс иіс пен музыка ғана біраз нәрсені «моментально» ескі түсіреді деген рас қой.

Мұрныма күздің иісі келді. Жылы киімдерді шығарып, таң атпай мектепке жиналатын кездер. Ұйқыңды қимай кітаптарды ауыр сөмкеге салатын кездер.

Қызық…