Get Mystery Box with random crypto!

Ассаламу Алейкум Ләйлә Қарындасым! Уақтылы жауап бере алмағаны | SULTANKYZY

Ассаламу Алейкум Ләйлә Қарындасым! Уақтылы жауап бере алмағаныма кешірім сұраймын.
Желіні шулатқан бұл ақпараттың мән-жәйін анықтау үшін маған бірнеше сауалдар келді,әрі бұл туралы тікелей эфирлерімде де бірнеше реттен жауап бердім. Десе де, бұл жолы да өз ойымды айтып өтейін.
Бейнероликтегі бала ҚМДБ-ның ресми діни қызметіндегі имам - молда емес. Басына сәлде орап, ақ шапан кигендердің бәрі діндәр, костюм-шалбар кигендердің бәрін көгілдір деуіміз қате. Ал, оның желідегі пікірі - ол оның жеке ойы. Бұл ойын таратқандарға қарғыс оқығаны оның расымен кері түсінігі. Мұны біз осылай түсінейік.
Екіншіден, әр дәуірдің өз заманауи киімі болады. Мәселен, дінімізде сүннет киім деген түсінік бар. Ол тұрғылықты елге дәстүрлі яғни елдің көзіне оғаш түсе бермейтін, ғибадатына кедергі болмайтын, күнделікті тұрмыс-тіршілікке қолайлы, жұрттың күлкісін шақырмайтын, балалардың мазағына қалдырмайтын киім. Ол еліне қарай кез-келген түсте,сипатта болуы мүмкін. Елдің бәрі ақ киім киген жерде, қара киіп, қара кисе, сары не қызыл киіп, ерекшелену дұрыс емес. Бұл сүннет ережесіне жөнсіз киіну болып табылады.
Үшіншіден, иман мен дін киім-кешекке қарамайды. Біздің кез-келген киіміміз, аксессуарымыз болсын денені жауып тұратын, сырт көзден сақтайтын, суыққа жауратпайтын, көзге көркем көрінетін зат, құрал деп түсінуіміз керек. Яғни тәнді шүберек, рухты дін жабады деген ой! Мәселен, әлемге әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд ЛГБТ бірлестігінің белді мүшесі. Басқа да атақты брендтердің көбісі осындай. Бұдан олардың киімдері арам деуіміз қате. Бүкіл мұсылман әлемі солардың киімін киіп жүр. Сондықтан, ақ пен қараны сабақтай білейік….