Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2022-03-03 06:45:02 Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта

@sputnik_aitady
5 views03:45
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 06:26:32 ​​Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр

Sputnik-тің барлық 30 сайты бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Sputnik баспасөз қызметі.

"Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша тағы да жаппай кибершабуылға ұшырауда, бұл әрекеттер сенбіден бері толастар емес. Қазір қиыр, таяу шет елдерде барлық сайтта материал жариялау өте қиындап кеткен, бірақ сайттардың өзі қолданушыларға қолжетімді. Біз оқырмандарды жаңалықтарды Sputnik-тің Telegram-каналдарынан оқуға шақырамыз", - деді агенттіктегілер.

Sputnik сайттарына бүкіл әлем бойынша бірнеше күн бойы DdoS-шабуыл жасалып жатыр. Ол Anonymous-тің Ресеймен киберсоғыс басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды.

@sputnik_aitady
20 views03:26
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 15:27:44
Қазақстандық қор биржасының кешкі саудасының нәтижесі бойынша, 2 наурызда доллардың орташа бағамы 490,31 теңгені құрады.

Таңғы саудада доллардың орташа бағамы 492,21 теңге болған.

@sputnik_aitady
81 views12:27
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 14:44:12
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.

@sputnik_aitady
95 viewsedited  11:44
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 13:42:40 Биыл қандай бағдарламамен баспана алуға болады

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген ипотеканың басым бөлігі "Отбасы банк" арқылы беріледі. Алдағы уақытта әкімдіктердің баспана кезегі де осы банкке ауыстырылады. Тұрғын үй саласындағы қолдау шаралары толығымен нарықтық жүйеге көшеді.

Sputnik Қазақстан 2022 жылы баспана алуға арналған бағдарламаларға шолу ұсынады.

@sputnik_aitady
96 viewsedited  10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 13:27:19 ВТБ Қазақстан Visа картасы арқылы онлайн-операция жүргізуге тосқауыл қойылғанын растады

"VISA санкциялар уақытына ВТБ банкімен әріптестігін тоқтатты", - деп хабарлады ВТБ банк (Қазақстан) баспасөз қызметі.

Банк мәліметінше, бұл клиент ақшаларының сақталауына кері әсер етпейді.

@sputnik_aitady
92 viewsedited  10:27
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 12:30:31
Ақтөбеде тәртіпсіздіктер кезінде полицейлерді көлікпен соққан ер адам ұсталды

«ВАЗ 21014» жүргізушісі әкімдік алдындағы қоршауға кіріп кеткен.

Салдарынан 4 полицей жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлерін өлтірмек болған ер адам қамауға алынды.

@sputnik_aitady
254 viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 11:48:43 Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берді.

Ол қазақстандықтардың табысын арттыру мәселесі мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті.

_"Қазір біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен жұмыс істеп жатыр. Кімнің айлығы медиандық жалақыдан төмен екеніне талдау жүргізіп жатырмыз. Елімізде медиандық жалақы 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек", - деді Шәпкенов мәжіліс кулуарында.

@sputnik_aitady
104 viewsedited  08:48
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 10:55:10
Мәжіліс төрағасы орыс тілін Конституциядан алып тастауға қатысты пікір білдірді

"Халық Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы петицияға қол қойып жатыр. Осы мәселе туралы не ойлайсыз?" деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында төменгі палата спикерінен.

"Халық емес, бір топ бастамашы топ шығар. Халық деп айтуға келмес. Мен сұрақты басқаша қояр едім. Бізге қазақ тілін одан әрі дамыту маңызды ма әлде орыс тілінің ұлтаралық тіл деген мәртебесін алып тастаған маңызды ма? Әрине, дамыту мәселесі маңызды. Менің ойымша, біз соған басымдық беруіміз қажет"-деді ҚР Парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.

@sputnik_aitady
101 viewsedited  07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 10:36:56
Алматыдағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі – Тоқаевтың баспасөз хатшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдаған.

Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.

Резиденция қаңтар оқиғасы кезінде өртеліп, қиратылған еді.

@sputnik_aitady
95 viewsedited  07:36
Ашу / Түсініктеме