Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-05-15 15:44:29
КОНКУРС! Тоттенхэм – Манчестер Сити Жүлде қоры – 15 000 теңге Шарттары: 1. Спорт жаңалықтарына тіркеліңіз: @sportqazaq 2. Фабрицио ақпаратына тіркеліңіз: @romanokz 3. Комментатор Ержан Көшкінбаевтың парақшасына тіркеліңіз: @koshlive 4. Тоттенхэм –…
5.6K viewsӘлімжан Асқар, 12:44
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 15:18:02
Кетем дегендер кетпейді

Томас Тухельдің агенті бүгін «Бавария» басшылығымен кездесу өткізді. Қос тарап бас бапкердің қызметін жалғастыруы жайлы талқылаған көрінеді.

Бұған дейін негізгі үміткер болған Хаби Алонсо, Юлиан Нагельсман және Ральф Рангник «Баварияны» тізгіндеуден бас тартқан болатын.

Байерді кезекті чемпиондығымен құттықтай береміз бе?
6.9K viewsБағлан Тілегенұлы, 12:18
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 14:18:15
Клубтар арасындағы ӘЧ-2025 додасына шыққан 27-ші клуб белгілі болды

«Ривер Плейт» Либертадорес кубогының плей-офф кезеңіне өтіп, Әлем чемпионатына жолдама алды.

Осылайша АҚШ-та өтетін турнирге қатысатын 32 клубтың 27-сі анықталды:

Манчестер Сити, Челси
Реал Мадрид, Атлетико
Бавария, Боруссия Д
Интер, Ювентус
Бенфика, Порту
ПСЖ
Зальцбург
Фламенго, Палмейрас, Флуминенсе
Монтеррей, Леон
Ривер Плейт
Әл-Хиләл
Әл-Ахли
Видад Касабланка
Мамелоди Сандаунз
Эсперанс
Урава Ред Даймондс
Ульсан Хендай
Сиэтл Саундерс
Окленд Сити.
8.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  11:18
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 13:40:04 КОНКУРС! Брайтон – Челси

Жүлде қоры – 15 000 теңге

Шарттары:

1. Legalbet парақшасына тіркеліңіз: https://t.me/+taHQ9dzMAxAxM2I6

2. Фабрицио ақпаратына тіркеліңіз: @romanokz

3. Спорт жаңалықтарына тіркеліңіз: @sportqazaq

4. Брайтон – Челси матчының есебін және соңғы голдың авторын болжаңыз. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз.

5. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

6. Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 3 жеңімпаз тең бөліп алады.

Жеңімпаздар үшеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірлерді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal
5.5K viewsӘлімжан Асқар, 10:40
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 09:20:33
Эрлинг Холанд Яя Турены артқа тастады

«Манчестер Сити» шабуылшысы «Тоттенхэмге» қарсы ойында (2:0) Премьер-лигадағы 63-ші голын соқты.

Осылайша клубтың АПЛ-де ең көп гол соққан ойыншылары тізімінде 4-ші орынға көтерілді:

Серхио Агуэро – 184 гол
Рақым Стерлинг – 91
Кевин де Брюйне – 68
Эрлинг Холанд – 63
Яя Туре – 62.
8.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 06:20
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 07:09:06
«Тоттенхэм» – «Ман Сити» матчында ерекше дүние тіркелді

Бұл АПЛ осы маусымында бірінші таймына бірде-бір минут қосылмаған алғашқы ойын болды.

Бастапқы 45 минутта ештеңе болмағаннан кейін Крис Кавана бірден ысқыруды жөн көрді.

Ал екі таймның қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондыққа жақындай түсті.
7.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 06:20:29
Эдерсон 250-ші матчын өткізді

«Манчестер Сити» қақпашысы «Тоттенхэмге» қарсы ойында (2:0) Англия Премьер-лигасындағы 250-ші матчына шықты.

Бірақ қарсылас ойыншымен соқтығысып қалып, алаңдағы орнын Штефан Ортегаға босатып берді.

Жалпы АПЛ-дегі 250 ойында 190 гол жіберіп, 117 матчта қақпасын голдан аман сақтап қалған.
5.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:20
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 06:01:38
Кевин де Брюйне Сеск Фабрегасты артқа тастады

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Тоттенхэмге» қарсы ойында (2:0) Премьер-лигадағы 112-ші нәтижелі пасын берді.

Осылайша турнир тарихында ең көп ассист жасаған ойыншылар тізімінде екінші орынға көтерілді:

Райан Гиггз – 162
Кевин де Брюйне – 112
Сеск Фабрегас – 111
Уэйн Руни – 103
Фрэнк Лэмпард – 102.
6.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 05:20:34
«Астон Вилла» соңғы 41 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасына шықты

«Арыстандар» «Тоттенхэмнің» «Манчестер Ситиден» жеңілуіне (0:2) байланысты 4-ші орынға тұрақтады.

Осылайша 1982/1983 жылғы маусымнан бері алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Сол заматта ширек финалға дейін жетіп, «Ювентустан» жеңілген екен.
7.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:20
Ашу / Түсініктеме
2024-05-15 05:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

АПЛ. 34-тур:
23:45. Брайтон – Челси
00:00. Ман Юнайтед – Ньюкасл

Италия кубогы. Финал:
00:00. Аталанта – Ювентус

Ла Лига. 36-тур:
22:30. Райо Вальекано – Гранада
22:30. Севилья – Кадис
01:00. Сельта – Атлетик
01:00. Хетафе – Атлетико

Лига 1. 32-тур:
00:00. Ницца – ПСЖ
00:00. Реймс – Марсель

Ресей кубогы. Финал:
22:45. Зенит – ЦСКА.
8.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:07
Ашу / Түсініктеме