Get Mystery Box with random crypto!

قلت: أرأيت رجلا توضأ ولم يخلل لحيته بالماء؟ قال: يجزيه. قلت: أ | Шәкәрім Есенжолұлы

قلت: أرأيت رجلا توضأ ولم يخلل لحيته بالماء؟ قال: يجزيه. قلت: أرأيت الرجل إذا توضأ أينبغي له أن يخلل أصابع يديه ورجليه بالماء؟ قال: نعم. قلت: لم؟ قال: لأن هذا من مواضع الوضوء، فلا بد له  من أن يصيبه الماء. قلت: فاللحية؟ قال: اللحية إنما مواضع الوضوء  ما ظهر منها، فإذا أمر كفيه عليها  أجزأه (كتاب الأصل لمحمد الشيباني )
ИМАМ МҰХАММАД "КИТАБУЛ-АСЛ" еңбегінде былай деп бұйырады:
МЕН СҰРАДЫМ: Бір кісі дәрет алып жатып сақалды сумен салаламаса ( яғни сақалдың ішіне су тигізбесе) не болады?
ОЛ БЫЛАЙ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ: Дәрет сахих болады.
МЕН СҰРАДЫМ: Қолды және аяқты жуып жатқан кезде саусақтардың арасын салалау керек пе?
ОЛ БЫЛАЙ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ: Йә, керек.
МЕН СҰРАДЫМ: Неге?
ОЛ БЫЛАЙ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ: Өйткені саусақтардың арасының жуылуы парыз.
МЕН СҰРАДЫМ: Сақалды салалау неге парыз емес?
ОЛ БЫЛАЙ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ: Өйткені сақалдың іші емес, керісінше сақалдың бет жағы парыз болып саналады. Егер бір кісі сақалдың бет жағына екі қолымен су алып тигізсе дәреті толық болады.