Get Mystery Box with random crypto!

Sarf & Nahw

Telegram арнасының логотипі sarfnahvu — Sarf & Nahw S
Telegram арнасының логотипі sarfnahvu — Sarf & Nahw
Арна мекенжайы: @sarfnahvu
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 518
Арнадан сипаттама

Бұл каналда сарф пен нахвуға қатысты тың мағлұматтар шығарылады.
Жазбаны көшіріп алмас бұрын, арнаға сілтемені де қалдырып кетіңіз

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-02-20 19:00:01 Иғраб (таркиб)

{ تَبَّتۡ یَدَاۤ أَبِی لَهَبࣲ وَتَبَّ } [Мәсәд: 1]

Құрысын — تبت — өткен шақ етістігі, фатхаға мабни. "Тә" әріпі болса әйел тегінің сукунды "тәсі".

Екі қолы — يدا — Фағил себепті рафғ септігінде тұр, оның белгісі әлиф себебі ол мусаннаға жатады. “Нунның” өшкен себебі "мудоф" болғандықтан.

Әкесінің — أبي — "Мудоф илейһи" болған соң мажрур, белгісі “йә” өйткені ол "әсмәу әс-Ситтаға" жатады. Және де ол "мудоф"

Ләһәбтың — لهب — "Мудоф иләйһи" болғандықтан мажрур, белгісі кәсра.

Сөйлем дұға мағынасында, иғрабта орыны жоқ.

Және — و — харф атф фатхаға мабни, иғрабта орны жоқ.

Ол құрысын — تب — өткен шақ етістігі, фатхаға мабни, оның ішіндегі жасырын есімді "هو" фағилі болады.

Соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемге "мағтуф" болады. Оның да иғрабта орыны жоқ.

"Иғраб муяссар".
1.3K viewsedited  16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 17:00:11 Осы аяттың иғрабын (таркибын) жазыңыз:

{ تَبَّتۡ یَدَاۤ أَبِی لَهَبࣲ وَتَبَّ } [Мәсәд: 1]
1.1K views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 20:01:19 Идғам

Барлықтарымыз екінші және үшінші түбір әріптері біріккен етістікті "мудоғаф" деп, ал сол бірігуді "идғам" дейтінін білеміз.

Ал енді осы "мудағаф" етістігінде әрдайым идғам болады ма?

Бұны білу үшін "бинә" мәтінін оқиық. Ол жерде:

«Идғам 3-ке бөлінеді:

1) Уəжіб (міндетті). Бұл екі бірдей əріптің екеуі де немесе екіншісі харекетті болып, бірінші сукунды болған жағдайда. Мысалы: مدّ يمدّ

2) Джəиз (міндетті емес, рұқсат). Бұл екі бірдей əріптің бірінші əріпі харекетті, ал екіншісі негізгі сукун емес, сыртқы фактордың септігінен (джазм сияқты) пайда болған сукун болған жағдайда. Мысалы: لم يمدّ - түбірі لم يمدد.

Бірінші дәлдің харекеті "мим" әріпіне ауысқандықтан, екі сукун бір жерде жиналады. Сол себепті сосын екінші "дәлге" дамма не фатха не касра харекеті беріледі. Себебі оның сукуны "арид" (негізгі емес).

3) Мумтаниғ (тыйым салынған). Бұл екі бірдей əріптің бірінші əріпі харекетті, екіншісі асли (негізгі) сукунды болса. Мысалы: مددت، مددن» - деп келеді.

"Бинә", 98-бет
1.3K views17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 11:30:22 Бізге қандай контент жетіспейді? Идеяларыңыз бар ма?
1.2K views08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 05:00:40 Сарф үйренушіге таптырмас еңбек
1.2K views02:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 05:00:11
Қазіргі таңдағы араб тілінің нағыз маманы атанған - Шейх Али Һанидың “Шарху бинә әл-афъал” кітабы сатылымда. Араб тілін бастаушы толибтарға таптырмас кітап.

Кітаптың бағасы - 7500 теңге

Үш күннің ішінде (11 мен 14 аралығы) тапсырыс бергендерге шейх Али Һанидың жеке автографымен 6500 тенгеден беріледі.

Шейхтың өмірбаянын мына парақшадан оқи аласыз

https://instagram.com/galymdar.kz?utm_medium=copy_link

Тапсырыс беру үшін төмендегі уатсаб нөмірне хабарласыңыз

+7776 345 57 40

+962 781 96 13 58

Репост жасап таратып жіберіңіздер
1.1K views02:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 19:01:52 Аллаға деген махаббат араб тiлiмен өрнектеледi

Имам Сағалиби: «Кім Алланы жақсы көрсе ол Оның елшісін ﷺ жақсы көреді. Кім араб болған Елшіні жақсы көрсе, ол арабтарды жақсы көреді. Ал кім арабтарды жақсы көрсе, арабтар мен араб еместердің ішіндегі ең абзал жанға түскен, ең абзал Кітаптың тілін, араб тілін жақсы көреді.

Ал кім араб тілін жақсы көрсе, онымен айналысып, оны үйренуге ыждахат танытып, бар жігерiн сонда бағыттайды.

Кімде-кімді Алла Тағала тура жолға салып, кеудесін иманға ашып, оған терең ақыл берсе, ол Мухаммад ﷺ ең қайырлы елші екенін, Исламның ең абзал дін екенін, арабтардың ең жақсы үммет екенін және араб тілінiң ең абзал тіл екеніне сенеді.

Араб тілін түсініп үйрену - діндарлық. Себебі ол ілімнің құралы, дін түсінудің кілті және бұл дүние мен ақыреттің жақсы болу себебі».

"Фиқһ әл-луға уә сиррул арабия", 22-бет
5.6K viewsedited  16:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 19:30:30 Қарбыз әлде дарбыз

Қазақ тілінде әр аймақта орыс тіліндегі арбузды әртүрлі айтады. Біреулер қарбыз десе, біреулер дарбыз дейді.

Араб тілінде ше?

Араб тілінде қарбызды "Биттых" деп айтады. Бірақ, кейбір аймақтарда "Тыббих" деп айтатындар да бар.

Бұл жайлы Әбу Ибраһим әл-Фараби өзінің "Муғджамул диуанил әдәб" (1/340) деген сөздігінде:

«Тыббих" - "Биттыхтың" бір нұсқасы, Хижаздықтардың тілінде» - дейді.

Дәлел ретінде имам Тәфтазани: Айша анамыздан жеткен хадисті келтіреді:

عن عائشة أن النبي عليه الصلاة والسلام كان يأكل الطِبِّيخ بالرطب". (أبو داؤد، الترمذي، النسائي)

"Шарх Тәфтазәни аля тасрифиль Иззи", 236-бет
1.3K views16:30
Ашу / Түсініктеме