Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 54.49K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2024-05-17 12:56:23
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан XVII Еуропа Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы ел аумағында онлайн трансляция жасалады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболсүйер қауымның сұранысын ескере отырып, тұрақты түрде ірі спорттық жарыстардан көрсетілімдер ұсынып келеді. EURO 2024 көрсетілімінің құқығы Корпорацияның коммерциялық табысы есебінен сатып алынды. Қазақстандық көрермен бір ай көлемінде екі арнадан Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында бір ай бойы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді» - деді «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Шығармашылық топ құрамында журналист Ерсін Ерік, Виктор Кирилюк, Шерхан Жамбылұлы бар. XVII Еуропа Чемпионаты аясында «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында 20-ға жуық комментатор қызмет етеді.

24 команданың қатысуымен өтетін UEFA EURO 2024 ойындары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда ұйымдастырылады. 14 маусым күнгі алғашқы матчта Германия – Шотландия құрамалары кездеседі. Финал 14 шілдеде Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді.
5.4K views09:56
Ашу / Түсініктеме
2024-04-09 22:16:42
Родригоның соққан голы. Реал Мадрид 2:1 есебімен алға шықты
15.5K views19:16
Ашу / Түсініктеме
2024-04-09 22:14:35
Эдуардо Камавинга ойындағы есепті теңестірді

1:1
14.9K views19:14
Ашу / Түсініктеме
2024-04-09 22:04:44
Бернарду Силва ойынның алғашқы минутында есеп ашып, қонақ команда алға шықты
13.7K views19:04
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 21:45:34
«Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы – Мұса Марат. Жеңімпаздың есімін жариялау сәтінен

Суперфиналда оның қарсыласы Азамат Төрехан болды. Тәлімгері Қуандық Рахым ауа райына байланысты эфирге келе алмағандықтан жоба бойы тікелей байланыс арқылы қосылды.

Жеңімпазды таңдауға атсалысқан барша көрерменге алғыс айтамыз!
12.8K viewsedited  18:45
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 20:34:26
«Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы анықталды

Сенбілік прайм-тайм уақытында отандық арналар арасында ең көп көрермен жинайтын «Qazaqstan дауысы» мегажобасы аяқталды.

3500-ге жуық үміткер ішінен Мұса Марат үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Мұса Марат жобаға Өзбекстан Республикасының Нөкіс қаласынан келді. 21 жастағы қатысушы Қуандық Рахымның тобында өнер көрсетті.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мегажобаны үзбей тамашалап, үздік қатысушыны таңдауға атсалысқан көрерменге алғыс білдіреді.
17.4K viewsedited  17:34
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 19:47:46
Супер финалистерге дауыс беру басталды

Қатысушылардың осыған дейінгі жинаған дауыстары есептелмейді. Сіздер қайтадан екі қатысушының біреуіне дауыс бере аласыздар. Дауыс беруге 30 минут уақыт беріледі. Дауыс беріп үлгеріңіздер!

Ескеретін жайт: бір Wi-Fi қондырғысынан (бір ІР-адрестен) бір ғана дауыс беріледі. Сондықтан әркім өзінің мобильді интернетін қосып, дауыс бергені жөн.

Мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз.
20.8K viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 19:16:22
Супер финалға жолдама алғандар:

Мұса Марат – 30,3%
Азамат Төрехан - 27,4%

Кім жеңімпаз атанады?

Қатысушылар «Көрмей таңдау» кезеңінде орындаған әндерін қайта орындайды. Кейін дауыс беру қайта басталады. Көрермен шешімі бойынша жеңімпаз «Qazaqstan дауысы» атанады.
21.1K viewsedited  16:16
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 19:12:45
Дауыс беру аяқталды
14.8K viewsedited  16:12
Ашу / Түсініктеме
2023-12-30 18:18:25
Дауыс беру басталды

Өз фаворитіңізге дауыс беру арқылы супер финалға жолдама сыйлай аласыз. Дауыс беру нәтижесіне қарай екі қатысушы супер финалға өтеді. Қос қатысушының арасында жеңімпазды бірге анықтаймыз.

https://vote.rtrk.kz/
22.2K viewsedited  15:18
Ашу / Түсініктеме