Get Mystery Box with random crypto!

1921 жылы Орынборда ҚазАКСР-нің Халық ағарту комиссары Ахмет Б | ТРК Президента

1921 жылы Орынборда ҚазАКСР-нің Халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсынұлының төрағалығымен мәжіліс өтіп, қорытындысында мектептер үшін оқулық даярлау ісі қаралады. Қазақ оқығандары шұғыл арада кітап жазуға міндеттеледі. Алаш оқығандарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қазақ тілінде әр салада оқулық кітаптар жазылып, мектептерге таратылады. Осы оқиғаға биыл 100 жыл толып отыр.
ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген деректі фильмде Алаш қайраткерлерінің қазақтың алғашқы астанасы – Орынбор қаласындағы жұмысы және ұлт тілінде оқулық даярлаудағы үлкен еңбегі мен мол мұрасы туралы баяндалады.

"Шырақ. Алаш жазған оқулықтар" деректі фильмін біздің YouTube арнамыздан көріңіздер!

@ptrkkz