Get Mystery Box with random crypto!

Tartyl Fest бұл жолы Талдықорғанда өтті! Тартылу бойынша спо | ТРК Президента

Tartyl Fest бұл жолы Талдықорғанда өтті!

Тартылу бойынша спорттық жарысқа қатысу үшін қалалық «Жастар» саябағында 288 адам жиналды.

Ең жас қатысушы 7 жасар Горяев Егор болды, нөмірі 402. Ал жасы ең үлкен қатысушы — 63 жастағы Тастанов Абдуали, нөмірі 00083.

Естеріңізге сала кетейік, Tartyl Fest Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілуде. Алда фестиваль өтетін 18 қала бар.

@ptrkkz