Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 'Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметк | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз.

Құрметті Айгүл Мақсатқызы! Еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымның жетекшісі, беделді кәсіподақ көшбасшысы, тәуелсіз мемлекетіміздегі кәсіподақтар қозғалысының жарқын өкілі ретінде Сіздің сала қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарыңызға жеміс, абыройлы қызмет, шығармашылық табыстар тілейміз.

Еңбек адамының әлеуетін арттыру, құқығы мен мүддесін қорғау жолында талмай еңбек етіп, әріптестеріңіздің ыстық ықыласына бөлене бергейсіз.

Сізге деніңізге саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға қуаныш, ырыс-ынтымақ тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ, беделіңіз биік болсын.

"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы" ҚБ