Get Mystery Box with random crypto!

[Текст на русском языке ниже ] КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТ | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

[Текст на русском языке ниже ]

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс жоспарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіподақ мүшелеріне әдістемелік, практикалық және құқықтық көмек көрсетілді.

Бейнебайланыс режимінде өткізілген семинарды Салалық кәсіподақтың құқықтық инспекторы А. Бектабанов жүргізді.

Семинар жұмысына Салалық кәсіподақтың Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Т.Смолина, құқық мәселелері жөніндегі бас маман А.Тасымова, кәсіподақтың аудандық, қалалық филиалдары мен білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ комитеттерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында құқықтық сипаттағы еңбек қатынастарына, әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдердің күшіне қатысты, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелеріне ұжымдық шарттардың басымдықтары туралы сұрақтар қойылды.

Кездесу нәтижелі өтті, семинарға қатысушылар осындай кездесулерді жиі өткізуге тілек білдіріп, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

-----------------------------------

ПРАВОВАЯ ПОМОЩЬ ЧЛЕНАМ ПРОФСОЮЗА

Согласно плана работы Отраслевого профсоюза работников образования и науки была оказана методическая, практическая и правовая помощь для членов профсоюза работников образования СКО.

Был проведен семинар в режиме ВКС с участием правового инспектора отраслевого профсоюза Бектабанова А.Ж.

В работе семинара приняли участие заместитель председателя обкома профсоюза Смолина Т.М., главный специалист по правовым вопросам Тасымова А.А., председатели районных, городского филиалов и первичных профсоюзных организаций образования Северо – Казахстанской области.

В ходе семинара были заданы вопросы касающиеся правового характера, трудовых отношении, о действии партнерских соглашении, о преимуществах коллективного договора для членов профсоюза в организациях образования.

Встреча прошла продуктивно, участники семинара пожелали почаще проводить такие встречи и выразили благодарность организаторам семинара.