Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ: --------------------------------------- | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:
----------------------------------------------------

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БОСАНУ БОЙЫНША ДЕМАЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ЖҰМЫСҚА ҚОСЫЛҒАН ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ НЕШЕ КҮНДІ ҚҰРАУЫ ТИІС?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес педагогтеарға ұзақтығы күнтізбелік 56 күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына кепілдік берілген.

ҚР Еңбек кодексінің 91-бабы негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: 1) нақты жұмыс істелген уақыт; 2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт есепке алынады.

Мысалы, егер педагог 2020 жылдың қазан айынан жүктілікке және босануына байланысты демалыста болып 2021 жылғы ақпан айынан жұмысқа қосылған жағдайда кезекті ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнге берілуі тиіс.

Сондай-ақ, оқу жылының алдында жүктілікке және босануына байланысты демалысқа шығып оқу жылының ортасында (қаңтар немесе ақпан айларында) жұмысқа қосылған жағдайда да, кезекті ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнге берілуі тиіс.

Ескеру қажет:

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ 6.9. ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ТАМЫЗДАН БАСТАП ҚАЗАН АЙЫНЫҢ АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНҒАН ПЕДАГОГТАРҒА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ЖЫЛЫ ҮШІН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫЛЫ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТИІСТІ САНАТЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҰЗАҚТЫЛЫҚТА АЛДЫН АЛА БЕРІЛЕДІ.

--------------------------------------------------

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ:

---------------------------------------------------

СКОЛЬКО ДНЕЙ ДОЛЖНА СОСТАВЛЯТЬ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ОПЛАЧИВАЕМОГО ЕЖЕГОДНОГО ТРУДОВОГО ОТПУСКА ПЕДАГОГА, ПРИСТУПИВШЕГО К РАБОТЕ ПОСЛЕ ОКОНЧАНИЯ ОТПУСКА ПО БЕРЕМЕННОСТИ И РОДАМ?

В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 12 Закона РК «О статусе педагога» педагогам гарантирован оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск продолжительностью 56 календарных дней.

Согласно статьи 91 Трудового кодекса РК, при предоставлении ежегодного оплачиваемого трудового отпуска учитываются: 1) фактически проработанное время; 2) время, когда работник фактически не работал, но за ним сохранялись место работы (должность) и заработная плата полностью или частично; 3) время, когда работник фактически не работал в связи с временной нетрудоспособностью, в том числе время нахождения в отпуске по беременности и родам.

Например, в случае, если педагог находился в отпуске по беременности и родам с октября месяца 2020 года и присоединился к работе с февраля месяца 2021 года, очередной оплачиваемый отпуск должен быть предоставлен на 56 календарных дней.

А также, в случае выхода в отпуск по беременности и родам перед учебным годом и присоединения к работе в середине учебного года (январь или февраль) очередной оплачиваемый трудовой отпуск должен быть предоставлен на 56 календарных дней.

Необходимо учесть:

В СООТВЕТСТВИИ С П. 6.9. ОТРАСЛЕВОГО СОГЛАШЕНИЯ О СОЦИАЛЬНОМ ПАРТНЕРСТВЕ, ПЕДАГОГАМ, ПРИНЯТЫМ НА РАБОТУ В ПЕРИОД С АВГУСТА ПО ОКТЯБРЬ МЕСЯЦ, ПО ОКОНЧАНИИ УЧЕБНОГО ГОДА ЕЖЕГОДНЫЙ ОПЛАЧИВАЕМЫЙ ТРУДОВОЙ ОТПУСК ЗА ПЕРВЫЙ РАБОЧИЙ ГОД ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ АВАНСОМ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬЮ, УСТАНОВЛЕННОЙ ДЕЙСТВУЮЩИМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВОМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, ДЛЯ СООТВЕТСТВУЮЩЕЙ КАТЕГОРИИ РАБОТНИКОВ.