Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді 1 мамыр – Қаз | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР,
ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – егемен еліміздің басты байлығы. Мемлекетімізді мекендеген ұлттар достығы мен татулығы беки берсін.
Бірлік пен ынтымақ үстемдік құрған жерлерге қашанда берекелі істердің үйір болатыны белгілі. Сондықтан бірлігіміз бұзылмай, берекеміз арта берсін.
Сіздерге зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мейрам құтты болсын!

Құрметпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева.