Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ: -------------------------------------- | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:
--------------------------------------------

Қалалық жерден ауылдық елді мекенге қатынап кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтарға 25% жоғарылатылған айлықақы беру үшін ауылдық жерде тіркелгені жөнінде анықтама не себепті талап етіледі? Бұл туралы қандай заңнамада жазылған?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 12-бабы 5-тармағының 1)-тармақшасы негізінде – ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогқа жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде 25% арттырылып белгіленеді;
Сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-бабы 4 және 7-тармақтарында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде, сондай-ақ жергілікті, республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға кемiнде 25% жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетіні көзделген.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нормаларында ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагогтарға 25% жоғарылатылған лауазымдық айлықақыны беру үшін негіздеме ретінде олардың тұрғылықты жерін көрсету керек деп жазылмаған. Сондықтан ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарға 25%-ға жоғарылатылған лауазымдық айлықақысын тағайындау үшін олардан тұрғылықты жерін тіркеу туралы анықтаманы ұсыну туралы талап заңсыз болып табылады.

------------------------------------------------
ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ:
-------------------------------------------------

Почему у педагогов, работающих в сельской местности, но проживающих в городе, требуют справку о прописке для установления им повышенного на 25% должностного оклада? В каком нормативном правовом акте это прописано?

Согласно п.9 ст.139 Трудового кодекса РК специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, по решению местных представительных органов за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее, чем на 25% должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, если иное не установлено законами Республики Казахстан.
В соответствии с пп.1) п.5 ст.12 закона Республики Казахстан «О статусе педагога» педагогу, осуществляющему профессиональную деятельность в сельском населенном пункте, по решению местных представительных органов устанавливаются повышенные не менее, чем на 25% оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками педагогов, осуществляющих профессиональную деятельность в городских условиях.
Также, пунктами 4 и 7 ст.18 закона Республики Казахстан «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» специалистам в области образования, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, работающим в государственных организациях, финансируемых из местногои республиканского