Get Mystery Box with random crypto!

kz), 'Электрондық үкімет' порталы, eSalyq Аzamat қосымшасын р | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

kz), "Электрондық үкімет" порталы, eSalyq Аzamat қосымшасын рәсімдеуге, eGov mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде қағаз тасығышта құқығы бар, ХҚКО-ға және пошта арқылы келу тәртібімен қағаз жеткізгіште.

«Электрондық үкімет» порталы мысалында қадамдық іс-қимыл (egov.kz):

1. «Онлайн қызметтер бір тізімде» батырмасын басыңыз.
2. «Кеден және салықтар» бөлімшесіне басыңыз, әрі қарай «салық салу» оның ішінде «Салық есептілігін қабылдау (250.00 нысан)» кіріңіз.
3. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
4. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тексеріп толтырыңыз (250.00 нысан).
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.
6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда тапсыру керек:
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарды, мысалы, мемлекеттік қызметкердің жұбайын қоспағанда) тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады.

Егер Сіз декларацияны тапсырмасаңыз не болады?

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына және 275-бабы 2- тармағына сәйкес декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет-ескерту, ал екінші рет салық салушылар декларацияны ұсынбағаны үшін 15 АЕК, бұдан басқа, салық салу объектілерін жасыру кезінде төленбеген салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.

ҚР шегінен тыс жерде меншік құқығында мүліктің болуы туралы ақпаратты жасырған, сондай-ақ ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде ақшасы бар жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.