Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ ——————————————— Қазақстандық оқу-аға | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ
———————————————

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы келесі түсіндірмені жариялайды

Орталық комитетке жиі түсетін сұрақтардың бірі, 2023 жылдан кімдер декларация тапсыруы тиіс.

ҚР Салық кодексінің 630-бабы 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары салық органдарына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті болады.
ҚР Азаматтық кодексінің 105- бабы, 2- тармағына сәйкес ҚР Конституциясы және Қазақстан Республикасының заңдары немесе ҚР Президентiнiң, ҚР Үкiметiнiң және жергілікті атқарушы органдарының және егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, бюджет немесе ҚР Ұлттық Банкiнің бюджетi есебiнен ғана ұсталатын мекеме - мемлекеттiк мекеме болып танылады.

ҚР Бюджеттік кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31)-тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС), акционерлік қоғамдар (АҚ), оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.

Мемлекеттiк мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне лауазымына қарамастан барлық қызметкерлер жатады.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №617 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация нысанына және оны жасау қағидаларына сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017163), бірінші жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген сәттен бастап, барлық көрсетілген санаттағы тұлғалар 250.00 нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуы қажет.

Бірінші декларацияны «кіріс декларациясы» деп аталады, өйткені ол жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру кезіндегі мүлік пен міндеттемелер туралы барлық мәліметтерді көрсетеді.

Декларация 250.00 нысаны жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енгізілген күнге дейін жинақталған активтер мен міндеттемелерді есепке алуға арналған. 2023 жылдың 1 қаңтарынан декларацияны тапсыруы қажет тұлғалар, 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы барлық ақпаратты көрсету қажет. Яғни, біз кіріс декларациясында өмір бойы сатып алынған мүлік пен міндеттемелерді жариялауымыз керек.
250.00 нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация келесі мәліттер көрсетуге арналған:

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік:

жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңіз" жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған АЕК 1000 еселенген мөлшерінен жиынтық асатын сомада;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

2. Қазақстан Республикасындағы да, одан тысқары да мүлік:

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүзеге асырылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын АЕК 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;