Get Mystery Box with random crypto!

ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР! Баршаңызды төл мерекемі | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

Баршаңызды төл мерекеміз Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Табиғатты түлетіп, жер ананы жібітіп жеткен жыл басы, жаңару мен жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналған Наурыз еліміз үшін ұлы мейрам. Терең таным мен тағылымды тарихымыздың көрінісіне айналған Ұлыстың ұлы күні ортақ Отанымызға ырыс-ынтымақ, халқымызға бақ-береке әкелсін!

Жыл басы - Наурызда ниет еткен барша тілектеріңіз қабыл болсын. Шуақты мейрамда әр шаңыраққа шаттық ұялап, қыдыр қонып, құт дарысын. Баршаңызға зор денсаулық, жарқын жетістіктер, еселі еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева