Get Mystery Box with random crypto!

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕ | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына Комиссия мүшелері: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының, сондай-ақ жұмыс берушілер өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия туралы ереженің жаңа редакциясын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаровтың ақпараты тыңдалды.

Отырыста Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Талқылау қорытындысымен Салалық комиссияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды.

Отырыс нәтижесінде Тараптар саланың түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу туралы келісімге келді.

_________

ЗАСЕДАНИЕ ОТРАСЛЕВОЙ КОМИССИИ ПО СОЦИАЛЬНОМУ ПАРТНЕРСТВУ И РЕГУЛИРОВАНИЮ СОЦИАЛЬНЫХ И ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ

Сегодня в Астане состоялось заседание Отраслевой комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений в сфере образования Республики Казахстан. На заседании приняли участие члены комиссии: представители Министерства просвещения РК, Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования и работодатели.

В ходе заседания была заслушана информация заместителя председателя Отраслевого профсоюза В. Беженарова «Об утверждении новой редакции Положения об отраслевой комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений в сфере образования Республики Казахстан» и «О внесении изменений и дополнений к Отраслевому соглашению о социальном партнерстве и регулированию социальных и трудовых отношений в сфере образования Республики Казахстан на 2021-2023 годы».

На заседании утвержден план работы Отраслевой комиссии по социальному партнерству и регулированию социально-трудовых отношений в сфере образования Республики Казахстан на 2023 год.

По итогам обсуждения по всем вопросам повестки дня Отраслевой комиссии принято протокольное решение.

По итогам заседания стороны пришли к соглашению о совместном решении проблемных вопросов отрасли.