Get Mystery Box with random crypto!

АРДАҚТЫ АНАЛАР! АЯУЛЫ АРУЛАР! Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

АРДАҚТЫ АНАЛАР! АЯУЛЫ АРУЛАР!

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының және жеке өз атымнан Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемді әлдилеген әсемдік, сұлулық пен нәзіктіктің мезгілі – көктеммен бірге келген мерейлі мерекенің баршамыз үшін жөні бөлек. Жер жаһанды жібіткен жайдарлы шақтағы жарқын мейрам жаныңызға шапағат шуағын шашып, көңілдеріңізге қуаныш сыйласын.

Еліміздің білім – ғылым саласының дамуына қалтқысыз қызмет етіп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге ерен еңбектерін қосып жүрген барша нәзік жанды әріптестеріме алғыс білдіремін.

Сіздерге баянды бақ, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен ырыс-ынтымақ тілеймін! Мерекелеріңізбен!

Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы
Айгүл Мұқашева