Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ --------------------------------------- | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ

-----------------------------------------------------

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы келесі түсіндірмені жариялайды

Орталық комитетке жиі түсетін сұрақтардың бірі, мейірбике және емдәмдік мейірбике (диетическая сестра) лауазымдарының айлықақысы туралы.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен (бұдан әрі-Қаулы) бекітілген.

Осы Қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (ЛА) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, біліктілік санатына қарай ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді БЛА (17 697 тг.) мөлшеріне көбейту жолымен есептеледі.
«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі «мейірбике» лауазымы В3 буынына, біліктілігі орташа деңгейлі «мейірбике» лауазымы В4 буынына, ал біліктілігі орташа деңгейлі «емдәмдік мейірбике» лауазымы В4 буынына жатады.
Еңбекақыға қосымшалар Қаулыда белгіленген тәртіппен жүргізіледі:

Қаулының 18-қосымшасы 9-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына зиянды, қауіпті және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін БЛА-дан 30% мөлшерінде қосымша ақы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде жүзеге асырылады. «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1053 бұйрығының (әрі қарай - №1053 Бұйрық) 43-бөлімі 386-тарауы 173-тармағының негізінде медициналық және диет бибiсi (диетическая сестра) лауазымдарының еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар қатарына жатады.
Қаулының 18-қосымшасының 15-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін ЛА-дан 10 % үстемеақы белгіленеді.

Мейірбике мен емдәмдік мейірбикенің (диетическая сестра) жалақысын есептеу мысалдары.

Мейірбике лауазымы бойынша ауылдық жерде жұмыс атқарады, білімі жоғары, еңбек өтілі 6,3 жыл, санаты жоқ, сонымен қатар 0,5 штаттық бірліктегі емдәмдік мейірбике (диетическая сестра) лауазымын қоса атқарады.

1) Мейірбике лауазымы бойынша ЛА көлемін есептеу:

Буын: В3, саты 4. түзету коэффициенті 3,78 (Қаулының 2-қосымшасы)
ЛА: 17 697 * 3,78 =66 894 тг.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып ұлғайту (Қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасы):
66 894 * 2,05 = 137 132 тг.
Ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жоғарылату (Қаулының 18-қосымшасы 1-тармағы):
137 132 *1,25 = 171 415 тг.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына қосымша ақы (Қаулының 18-қосымшасы 9-тармағы 1)-тармақшасы):
17 697 * 30% = 5 309 тг.

Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы (Қаулының 18-қосымшасы 15-тармағы): 171 415 * 10% = 17 141 тг.
Барлығы: 171 415+5 309+17 141= 193 865 теңге

2) Емдәмдік мейірбике (диетическая сестра) 0,5 шт. бірліктегі лауазымы бойынша ЛА көлемін есептеу: